Каратэші Бэлла Самашева Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз қола медаль үшін болған жекпе-жекте Өзбекстан өкілі Севинч Рахимованы жеңді. Осылайша, Бэлла Самашева Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, Бэлла үшін бұл алғашқы Азия ойындары.
