Қазақстанның грек-рим күресінен жастар құрамасы АҚШ-та өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандастарымыз екі алтын, бір күміс және екі қола жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.
60 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков, ал 72 келіде Юсуф Ашрапов қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды. 87 келіде сынға түскен Темірлан Тұрдақын күміс медаль жеңіп алды. Ал 55 келіде белдескен Арсен Жұма мен 130 келідегі Джохар Узаров әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бес жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғасты. Бірінші орынды үш алтын және екі қола медаль жеңіп алған Иран құрамасы иеленсе, бір алтын, бір күміс және екі қола жүлдесі бар Ресей құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
