Шұғыла Өмірбек АҚШ-та өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасымыз украиналық Снежана Онуфриевамен кездесті.
Тартысты белдесу 11:10 есебімен Шұғыла Өмірбектің пайдасына аяқталды.
Осылайша, Қазақстан әйелдер күресінен әлем чемпионатындағы алғашқы медаліне қол жеткізді.
