УЕФА Конференция лигасының Instagram желісіндегі ресми парақшасы жалпы кезеңнің бірінші турында жасалған үздік сейвтер топтамасын жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Олардың қатарында алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің қайтарған добы да бар.
Қазақстандық қақпашы Ригада өткен сырт алаңдағы кездесуде пенальтиді қайтарып, командасын жеңілістен құтқарды. Ол Мухаммед Бадамошидің 11 метрлік айып добын сәтті қайтарып, «Қайраттың» есепті теңестіруіне мүмкіндік берді. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
УЕФА Конференция лигасының ресми парақшасы жанкүйерлерге бірінші турда тіркелген бірнеше әсерлі сейвті тамашалауды ұсынды. Солардың бірі ретінде Темірлан Анарбековтің шеберлігі де аталды.
Айта кетейік, «Қайрат» келесі кездесуін 22 қазанда Алматының Орталық стадионында «Панатинаикосқа» қарсы өткізеді. Бұл матч та Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында өтеді.
