Сұңқар Қанибек Польшада жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жасөспірімдер арасындағы кумите бағдарламасында 76 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сұңқар Қанибек финалда Шотландия өкілі Броди Калленді 4:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Күміс жүлде Броди Калленге бұйырса, албаниялық Армандо Муца мен саудиялық Бадер Әл-Баргави қола медаль иеленді.
Айта кетейік, Сұңқар Қанибек — бұған дейін Фуджайра мен Гвадалахара қалаларында өткен А сериясындағы жарыстарда топ жарған.
Осылайша, отандасымыз 2024 жылы дәл осы салмақта әлем чемпионы атанған Әлихан Қадырғалидың жетістігін қайталады.
