Мерей Базарбаев АҚШ-та өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда америкалық Люк Лилледальды 3:1 есебімен жеңді.
Ширек финалда франциялық Расул Гальбураевтан 13:2 есебімен басым түссе, жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумені 7:0 есебімен ойсырата ұтты.
Енді Мерей Базарбаев әлем
чемпионатының алтын медалі үшін түркиялық Бекир Кесермен белдеседі.
