Айбат Мырзамұратов жүзуден Астанада өтіп жатқан Silk Road Tour сериясындағы әлем Кубогы кезеңінің финалында бақ сынады, деп жазады Sportbugin.kz.
Спортшы жарыс барысында 50, 100 және 200 метр қашықтықтарда нәтижесін жақсартқанын айтып, әлемнің үздік жүзушілерінің жанында өнер көрсетудің өзі үшін үлкен тәжірибе екенін жеткізді.
«Барлығы ұнады. 50, 100 және 200 метр қашықтықтарда прогресс жасадым. Олимпиада чемпиондары мен әлем рекордшыларының қасында жүру — мен үшін үлкен тәжірибе. Өте қуаныштымын. Бұл — Құдайдың берген мүмкіндігі ғой», — деді Айбат Мырзамұратов.
