Өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов кәсіпқой рингте кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Лондонда өткен бокс кешінде аса ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Ұлыбритания өкілі Соломон Дакреспен (10-2, 3 KO) жұдырықтасты.
Он раундқа созылған жекпе-жекте Жалолов басымдық танытып, бесінші раундта ол қарсыласын нокдаунға түсірді.
Он раундтың қорытындысы бойынша төрешілер есебімен жеңісті бірауыздан Баходир Жалоловқа берді.
Осылайша, өзбекстандық боксшы кәсіпқой рингтегі 18-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның еншісінде 15 нокаут бар.
