Шаттық Алайдар АҚШ-та өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы белдесуінде әзербайжандық Муса Агаевты 12:2 есебімен жеңді. Алайда 1/8 финалда ирандық Ахура Фархад Хатериге 14:15 есебімен есе жіберді.
Иран балуанының финалға шығуы Шаттыққа жұбаныш кезеңінде күресуге мүмкіндік берді. Енді қазақстандық балуан өзбекстандық Санжарбек Рустамбековпен кездеседі.
Бұл белдесуде жеңіске жетсе, қола медаль үшін ресейлік Эльдар Ахмадудиновпен күш сынасады.
