Нариман Құрбанов Нидерландыда өтіп жатқан әлем чемпионатында ат снарядындағы жаттығулар бойынша финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері іріктеу кезеңінде 14,866 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Нұртан Ыдырысов жекелей көпсайыстың финалына шықты. Ол алты снарядтағы жаттығулардың қорытындысы бойынша 79,665 ұпай жинап, іріктеуде 17-орынға ие болды.
Ал Қазақстанның ерлер құрамасы командалық финалға өте алмады. Ұлттық құрама 237,594 ұпаймен іріктеу кезеңін 12-орында аяқтады.
Айта кетейік, ерлер арасындағы жекелей көпсайыстың финалы 22 қазанда өтеді.
Ал ат снарядындағы жаттығулар бойынша әлем чемпионатының жүлделері 24 қазанда сарапқа салынады.
