Өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровтың атасы Комил Синдаров немересінің Бибісара Асаубаеваға үйленетінін растады, деп жазады Sportbugin.kz
Комил Синдаров алдағы тойдан үлкен үміт күтетінін айтып, болашақ келінінің шахмат әлемін жақсы түсінуі маңызды екенін атап өтті.
«Той болады. Біз бұл некеден көп үміт күтеміз. Егер Жавохирді шахматты түсінбейтін басқа қызға үйлендірсек, бұл да қиындық тудыруы мүмкін. Қазір Жавохир жылына 12 айдың 11 айын шетелде, жарыстарда өткізеді. Онымен бірге сапарлап жүру керек. Ал шахмат әлеміне қызықпайтын адам үшін бұл үлкен қиындық болар еді. Сондықтан бұл одақ біз үшін барлық жағынан қолайлы. Оның үстіне, Бибісара көршілес Қазақстаннан. Бұл екі бауырлас халықтың жақындасуына да ықпал етеді», — деді.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаровтың қарым-қатынасы биыл көктемде көпшілікке белгілі болды.
