Мерей Базарбаев Лас-Вегаста өткен күрестен U23 әлем чемпионатында топ жарды, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 57 келіде бақ сынаған Базарбаев финалда түрік балуаны Бекир Кесерді 8:0 есебімен, мерзімінен бұрын жеңді.
Турнир барысында Мерей АҚШ балуанын 3:1, Франция өкілін 13:2 және Жапония спортшысын 7:0 есебімен жеңген.
Осылайша, алматылық балуан Америкада қазақтың туын желбіретіп, әнұранын шырқатты!
Мерей Базарбаев U23 Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Еркебұлан Кешубаев пен бапкер Ролан Кешубаевтың төл шәкірті. Бұған дейін Кешубаевтар Ризабек Айтмұханды әлем чемпионы атандырған еді.
Араға аз уақыт салып, ағайынды бапкерлер Мерей Базарбаевты жеңіс тұғырына жетелеп, күрестегі жеңістің ешқандай кездейсоқтық емес, табан ет, маңдай термен келетінін көрсетті.
