Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінің балуаны Исхар Құрбаев алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық балуан іріктеу кезеңінде Жапония өкілі Кагетора Окамотомен кездесіп, 5:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, Құрбаев 1/8 финалға жолдама алды. Келесі кезеңде отандасымыз Өзбекстан балуаны Ихтиер Ботировпен белдеседі.
