Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті болған спорт ардагері Қайрат Шотбақов өмірден өтті, деп жазады Sportbugin.kz.
Қайрат Қасымұлы өңірде бокс спортының дамуына және отандық спорттың өркендеуіне елеулі үлес қосты. Ол әр жылдары спорт саласында жауапты қызметтер атқарып, өңір спортының дамуына еңбек сіңірді.
Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті қызметін атқарып, елдегі бокс спортының дамуына атсалысты.
Sportbugin.kz редакциясы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
