Мерей Мәулітқанов Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 77 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз 1/8 финалда Армения балуаны, екі дүркін әлем чемпионы Малхас Амоянмен белдесті. Тартысты кездесуде Мерей 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, отандасымыз әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
