Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінің балуаны Исхар Құрбаев ширек финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз 1/8 финалда Өзбекстан өкілі Ихтиер Ботировпен белдесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Құрбаев бұған дейін іріктеу кезеңінде Жапония балуаны Кагетора Окамотодан 5:2 есебімен басым түскен болатын.
Осылайша, отандасымыз әлем чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізіп, жүлдеге таласуды жалғастырады.
