Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Айдос Сұлтанғали алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін 2025 жылғы әлем чемпионы 1/8 финалда Ресей өкілі Анвар Аллахьяровпен кездесті.
Белдесу барысында 0:3 есебімен ұтылып жатқан Айдос Сұлтанғали таразы басын өз пайдасына аударып, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, отандасымыз әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
