Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының екі балуаны қарсыластарына есе жіберді, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мерей Мәулітқанов ширек финалда Болгария өкілі Стоян Кубатовпен белдесті.
Тартысты өткен кездесуде отандасымыз 3:4 есебімен жеңіліп, жартылай финалға шыға алмады.
Ал 82 келі салмақта өнер көрсеткен Ибрагим Магомадов 1/8 финалда Катар балуаны, Азия чемпионы Шахин Бадагимофрадпен кездесті. Бұл белдесу де 4:3 есебімен аяқталып, жеңіс катарлық спортшыға бұйырды.
Осылайша, екі отандасымыз ширек финалда жеңіліс тапты. Енді олардың жарысты жалғастыру мүмкіндігі қарсыластарының финалдағы нәтижесіне байланысты болмақ.
