Исхар Құрбаев Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына шыға алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Иран өкілі Паям Ахмадимен белдесті. Нәтижесінде Исхар 1:7 есебімен жеңіліп, финалға жолдама ала алмады.
Енді Исхар Құрбаев 25 қазанда әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі.
Айта кетейік, Исхардың жартылай финалдағы қарсыласы Паям Ахмади 2025 жылы Загребте өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған. Ирандық балуан бұған дейін U17 және U20 жас санаттарындағы әлем чемпионаттарында да жүлдегер атанған.
