Исхар Құрбаев Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда Молдова өкілі Артиом Делеанумен белдесіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Исхар іріктеу кезеңінде Жапония балуаны Кагетора Окамотодан басым түссе, 1/8 финалда Өзбекстан өкілі Ихтиёр Ботировты жеңген еді.
Осылайша, қазақстандық балуан әлем чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізіп, жартылай финалға өтті.
