Қырғызстандық балуан Ақжол Махмұдов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 82 келіге дейінгі салмақта белдесіп жатқан Махмұдов ширек финалда Әзербайжан өкілімен кездесті. Белдесудің басында қарсыласы 6:0 есебімен алға шықты.
Алайда белдесудің аяқталуына 30 секунд қалғанда Махмұдов екі ұпай еншілеп, артынша қарсыласын төрт ұпайлық әдіспен лақтырды. Әзербайжан құрамасының бапкерлер штабы төрешілер шешіміне челлендж жасады. Бірақ бейнеқайталауды қарау нәтижесінде олардың өтініші қанағаттандырылмай, кездесу қырғыз баоуанының пайдасына шешілді.
Осылайша, 7:6 есебімен жеңіске жеткен Ақжол әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Енді ол финал жолдамасы үшін Түркия балуанымен белдеседі.
