Жәмила Бақбергенова Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда украиналық Надия Соколовскамен белдесіп, 9:1 есебімен айқын жеңіске жетті.
Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова бұған дейінгі кездесуінде Молдова өкілі Эмилия Кречуннан басым түсіп, ширек финалға шыққан еді.
Осылайша, әлем чемпионаттарының үш дүркін күміс жүлдегері өз жанкүйерлерінің алдында өтіп жатқан дүбірлі додада алтын медаль үшін күресуге тағы бір қадам жақындады.
