Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресі бәсекелер мәресіне жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы әлем біріншілігін үш қола медальмен аяқтады. Айдос Сұлтанғали, Исхар Құрбаев және Бағдат Сабаз жүлдегерлер қатарынан көрінді.
55 келіге дейінгі салмақта Исхар Құрбаев кіші финалда қарсыласынан басым түсіп, қола медаль иеленді.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айдос Сұлтанғали қола медаль үшін белдесуде Қытай балуанын 5:1 есебімен жеңді.
Ал 67 келіге дейінгі салмақта белдескен Бағдат Сабаз қола жүлде үшін әзербайжандық Хасрат Джафаровпен күресті. Отандасымыз тартысты белдесуде 8:5 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына үшінші қола медальді салды.
