Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрес бәсекелерінің жеребесі тартылды, деп жазады Sportbugin.kz.
97 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Ризабек Айтмұхан жарысты Ресей балуаны, екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевқа қарсы бастайды.
Алдағы кездесу Ризабек үшін 2026 жылғы ақпанда Албанияда өткен халықаралық турнирдегі жеңілісі үшін қарымта қайтаруға мүмкіндік береді. Сол кезде Садулаев Айтмұханды 14:3 есебімен жеңген болатын.
97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан мен Абдулрашид Садулаевтан бөлек, АҚШ өкілі, Олимпиада чемпионы Кайл Снайдер және Бахрейн атынан сынға түсетін Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудинов та жүлдеге таласады.
