Нилуфар Раимова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізе алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Әйелдер күресінен 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде АҚШ өкілі, Олимпиада чемпионы әрі әлемнің төрт дүркін чемпионы Хелен Марулиспен кездесті. Тартысты белдесуде америкалық балуан 5:2 есебімен жеңіске жетті.
Нилуфар Раимова жарысты сәтті бастап, алғашқы екі белдесуінде жеңіске жеткен еді. Алайда финалға шығу үшін өткен кездесуде жапониялық Сена Нагамотоға есе жіберді.
Осылайша, Нилуфар Раимова Астанадағы әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.
