Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан күрестен Әлем чемпионатында жартылай финалға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз ширек финалда германиялық Хорст Лерді 8:1 есебімен жеңді,
Айта кетейік, Асыл бұған дейінгі екі белдесуінде де жеңіске жеткен болатын. Алғашқы айналымда қырғызстандық Өмірбек Асан уулудан 4:0 есебімен басым түссе, 1/8 финалда әзербайжандық Нуреддин Новрузовты 5:4 есебімен ұтты.
Осылайша, қазақстандық балуан енді әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі.
