Ресейлік жоғары санатты жаттықтырушы Магомед Шайхалиев Ризабек Айтмұханның белдесуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Маманның айтуынша, Ризабек Айтмұханға 97 келі салмақта физикалық күш пен төзімділікті арттыру қажет.
«Ризабек бұл салмаққа әлі жас. 97 келіде оған физикалық қуат жетіспеді. Дене дайындығы мен аяқ күшіне көбірек көңіл бөлуі керек. Физикалық тұрғыдан күшеймесе, жоғары деңгейдегі жарыстарда оған қиын болады. Сондықтан күш жинап, физикалық дайындығын жетілдіру қажет. Егер 97 келіде өнер көрсетуді жалғастырып, соған ниет білдірсе, оның болашағы бар», — деді Магомед Шайхалиев
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ресейлік Абдулрашид Садулаевқа есе жіберген еді.
