Қазақстан құрамасы Бахрейнде өтіп жатқан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында үш жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ерлер арасында шпагамен семсерлесуден Кирилл Проходов топ жарды. Ол финалдық бәсекеде Гонконг өкілі Вонг Пак Юмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз Азия чемпионы атанды.
Ал саблямен семсерлесуден Қайша Жәнібек күміс медаль иеленді. Қазақстандық спортшы финалда Гонконг өкілі Джейн Саммер Ситке 8:15 есебімен жол берді.
Сондай-ақ осы бағдарламада сынға түскен Диляра Исабекова жарысты үшінші орынмен аяқтап, қола жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша Қазақстан құрамасы жастар арасындағы құрлық біріншілігінде бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
