Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жартылай финалда ирандық Ахмад Мохаммаднежад Джаванмен белдесіп, қарсыласына есе жіберді.
Айта кетейік, Асыл Айтақын жарыс барысында Қырғызстан өкілі Өмүрбек Асан уулуын 4:0, әзербайжандық Нуреддин Новрузовты 5:4 есебімен жеңді. Ал ширек финалда германиялық Хорст Лерді ұтты.
Осылайша, қазақстандық балуан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күресу мүмкіндігіне ие болды.
