АҚШ балуаны Кайл Снайдер Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында америкалық балуан Жапония өкілі Араш Ёсидамен белдесті.
Тартысты кездесуде Кайл Снайдер бастапқыда 0:4 есебімен жеңіліп жатты. Алайда белдесу соңында таразы басын өз пайдасына аударып, қарсыласын жеңді.
Осылайша, америкалық балуан мансабында бесінші рет еркін күрестен әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұл салмақта қола медальдарды Ресей балуаны Абдулрашид Садулаев пен Иран өкілі Хасан Яздани иеленді. Абдулрашид Садулаев поляк балуаны Збигнев Матеуш Барановскийді 5:0 есебімен жеңсе, Хасан Яздани дәл осындай есеппен Бахрейн өкілі Ахмед Тажудиновтан басым түсті.
