4-6 қараша күндері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында таеквондодан (WT) ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Байрақты бәсекеге еліміздің 17 облысы мен үш қаласынан 350-ге жуық спортшы қатысады. Ерлер мен әйелдер арасындағы 16 салмақ дәрежесінде ел чемпиондары анықталады.
Жарыста халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген Жавохир Исламов, Ғазез Нұрбек, Самирхон Абабакиров, Бейбарыс Қаблан, Айдана Құмартаева, Жанель Сұлтанғалиева сынды үздік спортшылар да бақ сынайды.
Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша келесі жылғы ұлттық құраманың құрамы жасақталады.
