Алматыда таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Ел біріншілігінде барлығы 28 төреші қызмет атқаруда. Олардың 10-ы шетелден арнайы шақырылған халықаралық дәрежедегі реферилер. Атап айтқанда, Мысыр, Индонезия, Оңтүстік Корея, Польша, Панама, Иордания, Хорватия, Тунис, Сауд Арабиясы және Қытай елдерінің өкілдері жарысқа төрелік етуде.
Шетелдік мамандарды шақырудағы басты мақсат — төрелік ету сапасын арттырып, жекпе-жектердің әділ әрі бейтарап өтуін қамтамасыз ету.
Айта кетейік, чемпионаттағы барлық жекпе-жек Қазақстан таеквондо федерациясының ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілуде.
