Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған шәкіртін ұрған волейбол жаттықтырушысы бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Сот мәліметінше, жаттықтырушы жасөспірімнің жарысқа бармайтынын айтқанына ашуланып, оның бетінен екі рет ұрып, кеуде тұсынан тепкен. Соққыдан кейін жасөспірім басын қабырғаға соғып алған.
Оқиғадан соң бала ата-анасына шағымданып, медициналық көмекке жүгінген.
Сот жаттықтырушыны кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.
