Боксшы Марал Төлепберген Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Өзбекстан өкілі Сабрина Чакомановамен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен өзбекстандық боксшының жеңісін тіркеді.
Осылайша, Марал Төлепберген жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, осымен Қазақстан құрамасының жасөспірімдер Олимпиадасындағы медаль саны беске жетті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен велоспортшы Әнел Тәшбай алтын медаль иеленсе, триатлоншы Рамазан Әйнегов пен таеквондошы Любовь ЮН қола жүлдегер атанған еді.
