Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Люксембургпен болатын жолдастық ойын жайлы пікірін білдірді. Бұл туралы федерацияның ресми сайты хабарлады.
«Грекиямен ойыннан кейін көңіліміз болмады. Әлі де көңіл-күйіміз жоқ. Біз үлкен турнирде ойнауды армандадық. Енді ертең жаңа ойын өтеді және жанкүйерлер алдында қарызымызды қайтару керек.
Люксембург құрамасы туралы толық білеймін. Бүгін-ертең өтетін теорияда қарсыласты талдаймыз. Өте маңызды ойын болмақ. Жігіттердің барлығы жанкүйерлердің алдында жауапкершілікті түсінеді.
Грекиямен ойында үшінші рет негізгі құрамда алаңға шықтым. Бапкерлер штабының қолдауын сеземін. Бұл маған сенімділік береді, енді тек өз еңбегіммен дәлелдеу керек», — деді Чесноков.