UFC басшысы Дана Уайт ММА тарихындағы ең ұлы спортшыны атады, деп жазады Sportbugin.kz.
Уайттың пікірінше, бұл атаққа жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион, ауыр салмақтағы қазіргі чемпион Джон Джонс лайық.
«Джон Джонс ешқашан жеңілген жоқ. Ол жартылай ауыр салмақта бәрін жайпады. Кейін ауыр салмаққа ауысса да, қарсыластарын оңай жеңді. Оның нағыз ұлы жауынгер екенімен ешкім де таласа алмайды.
Ол ешқашан ұтылған жоқ. Оны ешкім октагонда жеңген емес. Оның тағы бір басымдығы – спортта ұзақ жүргені. Оны қанша жек көрсеңіз де, ол ұлы жауынгер болып қала береді.
Хабибтің де бұл атаққа үміткер болатын әлеуеті бар еді. Ол бірақ ұзақ күрескен жоқ. Жарақаты болды. Ол өзі болатын жерде уақытынан әлдеқайда ерте болды. Егер жарақат пен сәтсіздіктер болмағанда, оған да еш күмән жоқ еді. Хабиб ұлы жауынгерлердің бірі ғана», — деді Уайт Лекс Фридманға берген сұхбатында.
Хабиб Нурмогамдеов 2020 жылы Джастин Гейджиді жеңген соң, өз мансабын аяқтады.