8-10 сәуір күндері Астанада өтетін бокстан спаррингтік турнирге Төрехан Сабырханның қатыспайтыны белгілі болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы боксшының бапкері Ілияс Оралбеков мәлімдеді.
«Төрехан шәкіртім спаррингке қатыса алмайды. МОК-қа жазған хатымызға отказ келді», — делінген хабарламада.
Айта кетелік, Төрехан жасының жетпеуіне байланысты спаррингтік турнирге қатыспайды. Егер ол спаррингтік турнирде жеңіске жеткен жағдайда да, іріктеу турнирінен сырт қалады.
Себебі, Олимпиада ойындарына 18 бен 39 жас аралығындағы боксшылар ғана бақ сынай алады.