Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Әзербайжан өкілі Нуреддин Новрузовпен кездесіп, қарсыласын 5:4 есебімен жеңді.
Бұған дейін Асыл алғашқы белдесуінде Қырғызстан балуаны Омирбек Асан уулудан басым түскен болатын.
Осылайша, отандасымыз ширек финалға жолдама алып, әлем біріншілігіндегі жүлде жолын жалғастырады.
