Болат Сақаев Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз Испания өкілі Габриэль Иглесиаспен кездесіп, қарсыласын 4:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Болат өз жерінде өтіп жатқан әлем біріншілігін сәтті бастап, жүлде жолындағы күресін жалғастырады.
