Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев грозныйлық «Ахматтың» тізгінін қолға алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы ресейлік клубтың ресми сайты хабарлады.
Бүгін «Ахмат» президенті Магомед Даудов командаға жаңа бапкерді таныстырды.
Осылайша, Адиев өзінің туған қаласында қызметке кіріседі. Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, ол Қазақстан ұлттық құрамасындағы қызметін де қатар алып жүрмек.