Бүгін Гонконгта дзюдодан кезекті Азия біріншілігі аяқталды. Қазақстандық спортшылардың бірде-бірі финалға шыға алған жоқ, деп жазады Sportbugin.kz.
Соңғы жарыс күнінде Аруна Жангелдина (78 келі) мен Нұрлыхан Шархан қола жүлдеге таласып, екеуі де жеңіліс тапты.
Сондай-ақ, құраманың белді спортшылары Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев, Абиба Әбужақынова, Данияр Шамшаевтер мүлде медальсіз қалды.
Қазақстан командасы 3 қола медаль иеленді. Гонконгта тұғырға Ғалия Тынбаева (48 келі), Жанарыс Рахметқали (66 келі) және Эсмигуль Куюлова (63 келі) көтерілген.