Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Мадридте (Испания) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің ширек финалында кездеседі, деп хабарлайды Olympic.kz.
1/8 айналымда Рыбакина чехиялық Сара Бейлекті ұтты. Кездесу 6:1, 6:3 есебімен аяқталды.
Путинцева өз кезегінде ресейлік Дарья Касаткинаны үш сет қорытындысы бойынша ұтты. Есеп — 3:6, 6:2, 6:2.
Екі қазақстандық теннисші матчы 1 мамырға жоспарланған.