Жұдырықтап төбелесу лигасының жауынгері Александр Коломыцев 37 жасында жүрегі тоқтап, ұйқыда қайтыс болды. деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл туралы ТАСС агенттігіне спортшының жақындары хабарлап, лига өкілдері бұл ақпаратты растады. Дереккөз сөздеріне сай, спортшының жерлеу рәсімі Астрахань қаласында өтеді. Коломыцевтің артында үш баласы қалды.
Айта кетейік, Коломыцев кикбоксинг пен аралас жекпе-жектен Ресей чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирдің жеңімпазы. Ол жұдырықтасуды үйреніп, аса ауыр салмақтағы Hardcore Гран-при чемпионы атанды.