Қазақстан құрамасы дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 әлемдік додасының екінші күнін екі қола жүлдемен аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бақытжан Абдурахманов ел қоржынына қола жүлде салды. Сонымен қатар, Абылайхан Жұбаназар үздіктер қатарынан көрінді.
Айта кетейік, бүгінгі күннің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 қола жүлдемен жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады. Жарыстағы алғашқы бестікте Италия, Хорватия, Қазақстан, Өзбекстан және Португалия мемлекеттері тұр.
- Италия (1 алтын, 1 күміс, 2 қола)
- Хорватия (1 алтын, 1 күміс)
- Қазақстан (1 алтын, 3 қола)
- Өзбекстан (1 алтын)
- Португалия (1 алтын)