Қазақстан құрамасы дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 әлемдік додасының үшінші күнін жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Үшінші жарыс жолына ерлер арасында 90 келіге дейінгі, 100 келіге дейінгі және аса ауыр +100 келі салмақта күрессе, қыздар арасында 78 келіге дейін және 78 келіден аса салмақ дәрежесінде татамиге щықты. Олимпиадаға жолдама үшін ұпай жинауға мүмкіндік беретін жарыста тәжірибелі қазақ балуандары, Grand Slam турнирлерінің жүлдегерлері Ислам Бозбаев, Ерасыл Қажыбай, Нұрлыхан Шархан секілді спортшылар мен қатар жас балуандар өнер көрсетті. Өкінішке орай, жарыстың қорытынды күнінде жарыс жолынан шығып қалды. Құрамадағы күннің үздік нәтижесін Құдірет Досымов тіркеді. Ол ширек финалға жолдама үшін екі дүркін Еуропа чемпионымен күресіп, есе жіберді.
Айта кетейік, рейтингілік ұпайлар бөлінетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Олимпиада чемпиондары Аарон Вулф, Акира Соне (екеуі де Жапония), Идалис Ортис (Куба), Рафаэля Сильва (Бразилия), Әлем чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері Саги Муки (Израиль), Криста Дегучи (Канада), Ан Баул (Южная Корея) татамиде жүлде үшін күресті.
Фото: Олжабай Арлан