Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының өкілі Нариман Курбанов Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінде жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Нариман гимнастикалық ат снарядындағы жаттығудан 15.600 ұпай жинап, көш бастады. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Иордания спортшысы еншілеген.
Бұл Нариманның Азия біріншілігіндегі екінші алтыны. Ол былтыр да құрлық додасынан жеңіспен оралған.
Ал Милад Карими еркін жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін ол көпсайыста күміске иелік еткен еді.