Франция ашық чемпионаты «Ролан Гаррос» додасының іріктеу турнирінде 4 қазақстандық теннисші сынға түседі, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Дүйсенбі күні басталатын іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев дүниежүзілік рейтингте 167-орында тұрған аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен шеберлік байқасады.
Рейтингте 177-орында тұрған Денис Евсеев әлемнің 237-ракеткасы, болгариялық Адриан Андреевпен кездеседі.
Әлемнің 223-ракеткасы Дмитрий Попко бастапқы бәсекесінде рейтингте өзінен жеті саты төмен тұрған франциялық Валентин Ройеден өтуге тырысып көреді. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 134-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте 148-орындағы швейцариялық Леандро Ридимен кортқа шығады.
Іріктеу сайыстары 24 мамырда аяқталады.
Жылдың басты жарыстарының бірі саналатын «Ролан Гаррос турнирі» 26 мамыр – 9 маусым аралығында өтеді.