Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жұбаназар Әбу-Дабидегі әлем біріншілігіне қатыспайды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Әлем чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан құрама командасынан Эсмигүл Куюлова бақ сынайды. Абылайхан Жұбаназар денсаулық жағдайына байланысты әлем чемпионатына қатыспайды», — делінген хабарламада.
Абылайхан Жұбаназар 81 келі салмақта сынға түсіп жүр. Ол Душанбе мен Астанада өткен Grand Slam турнирлерінде қола жүлдегер атанған.