Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Астанада өткен «Елорда кубогін» қорытындылады, деп жазады ҰОК сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
«Елорда кубогі» жоғары деңгейде өтті. Қазір әрбір ел Олимпиадаға дайындалуда. Сондықтан, көп құрама келген жоқ. Ешкімге ренжімейміз де, өйткені, әрбірінің өз мақсаты бар, өз жоспары бар.
Олимпиадаға қатысатын жігіттерімізге жақсы қарсыластар келді. Қытайдан екі, Әзірбайжаннан үш боксшы келді Олимпиадаға қатысатын. Ұлттық құрама боксшыларының барлығы Олимпиада қарсаңында өз әлеуетін бір байқап көрді. Бұл турнирдің бізге тигізер пайдасы көп.
Осы жарыс арқылы Парижге баратын боксшылардың кем-кетігін көріп, бір тексеріп алуды жоспарлағанбыз. Бәрі ойдағыдай өтті», — деді бас бапкер