UFC-де әлі жеңіліп көрмеген ирландиялық Иан Гарри жартылай орта салмақтағы UFC жұлдызы Леон Эдвардсты кім жеңуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
27 шілде күні Эдвардс америкалық Біләл Мұхаммадқа қарсы шығады.
«Октагонға шығып, Эдвардсты аспаннан жерге түсіру үшін менің немесе Шавкат Рахмоновтың деңгейіндегі адам керек. Оның чемпиондық белбеуін тартып алу керек. Шілденің соңында Эдвардс чемпион болып қалса, Рахмоновтың титулды жекпе-жекке мүмкіндік алуын шын жүректен тілеймін», — деді Гарри.
Шавкат Рахмонов MMA-де 18 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.